Сұрақ-жауап

iMektep сайтында құпиялық саясаты бар ма?
Иә, біздің сайт әр пайдаланушы туралы ақпаратты жоғары бағалайды және басқа мақсаттарда пайдаланбауға кепілдік береді.
Сайтымыздың Құпиялық саясатымен танысыңыз.
Фильмдерді сабақта пайдаланудың әдіс-тәсілдерін ұсынасыздар ма?
Осы сайтта ұсынылған бар материалдарды әр мұғалім өз қалауынша қолдана алады. Қолдану тәсілі әр мұғалімнің шығармашылық еркінде. Қосымша көмек керек болған жағдайда, сайттағы «Хабарласу» бөліміне кіріп, сауалдарыңызды жіберіңіздер. Міндетті түрде жауап береміз.
Қорда бастауыш сынып пәндерінің барлық тақырыптары қамтылған ба?
Біздің қорымызда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған мектеп бағдарламасы тақырыптарының басым бөлігі қамтылған.
Бұл фильмдерді сайттан көшіріп алуға бола ма?
Жоқ. Көшіріп алу немесе заңсыз жолмен тарату ҚР заңнамасына сәйкес қудаланады.
Ұсынылған анимациялық фильмдер дискіге жазылып сатыла ма?
Әзірше сатылмайды, бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Жаңалықтар болса, сайтымызда жариялаймыз.
Сайтта қате тапсам, кімге айтамын?
Егер сіз сабақтың  мазмұнынан, ойыннан немесе сайттан қате тапсаңыз бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Ол үшін әр анимациялық сабақтың жоғарғы оң жағында тұрған «Қате туралы хабарландыру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеге хабарламаңызды жазып, бізге жіберіңіз.
Сайтқа жазылмас бұрын сабақтарды көруге бола ма?
Иә, біздің сайтта «Тегін видео» бөлімі бар. Әр пән бойынша ұсынылған анимациялық сабақтың үлгісімен таныса аласыз.
iMektep.kz сайтына жазылу үшін төлем қалай жасалды?
Ол үшін Жазылу бетіне өтіңіз.
Қалаған жазылу мерзімін таңдаңыз.
Қалаған төлем түрін таңдаңыз. 

Банк картасымен төлеу үшін VISA, MASTER CARD және AMERICAN EXPRESS карталары жарайды.  Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да ТМД елдерінің карталары да жарайды.

Сонымен қоса төлемдерді Qiwi терминалдары арқылы жасауға болады. 
Qiwi терминалдары арқылы төлеу нұсқаулықты оқыңыз.

Төлем жасалғаннан кейін ақша төленгенін растайтын ақпаратты қайдан аламын?
Төлем сәтті өткен соң сіздің электронды поштаңызға төлемді растайтын хат жіберіледі.
iMektep.kz сайтына жазылу үшін төлем қалай жасалды?
Ол үшін Жазылу бетіне өтіңіз.
Қалаған жазылу мерзімін таңдаңыз.
Қалаған төлем түрін таңдаңыз.
Банк картасымен төлеу үшін VISA, MASTER CARD және AMERICAN EXPRESS карталары жарайды.
Сонымен қоса төлемдерді Qiwi және Касса 24 терминалдары, QIWI әмияны және kaspi.kz арқылы жасауға болады.
Қандай мерзімге жазылуға болады?
Біздің сайтта 4 мерзімге жазылуға болады:
  • 1 ай - 999 тг.
  • 3 ай - 2 697 тг.
  • 6 ай - 4 795 тг.
  • 12 ай - 8 391 тг.
iMektep.kz сайтындағы «Жазылу» бөлімі нені білдіреді?
«Жазылу» бөлімінде сіз сайтымызға жазылу туралы мәліметтер алып, өз таңдауыңызды жасайсыз, яғни сайтты пайдалану мүмкіндігін сатып ала аласыз.
Бірнеше адам бір аккаунтты пайдалана ала ма?
Сайтқа бір уақытта бір аккаунтпен тек бір ғана адам кіре алады. Егер екі адам бір мезгілде бір аккаунтпен кіретін болса, сайт тек соңғы кірген адамды қалдырып, алғашқы кірген адамды сайттан шығарып тастайды. Егер сізді сайттан себепсіз шығарып тастаса, бұл сіздің аккаунтыңызды басқа адамның пайдаланып жатқанын білдіреді. Мұндай жағдайда құпиясөзді өзгерткен дұрыс. Ол үшін сіз жеке кабинетіңізге кіріп, «Аккаунт баптаулары» батырмасына басып, өз құпиясөзіңізді өзгертсеңіз болады.
Егер менде iTest.kz  және BilimLand.kz сайттарының аккаунты бар болса, маған iMektep.kz-ке тіркелу қажет пе?
Жоқ. Егер Сіз iTest және BilimLand сайттарына тіркелген болсаңыз, сізге iMektep сайтына тіркелудің қажеті жоқ. Себебі iTest, iMektep және BilimLand ортақ пайдаланушылар базасын пайдаланады. Бір аккаунтпен барлық үш сайтқа кіре аласыз.
Құпиясөзді ұмытып қалсам не істеймін?
Мұндай жағдайда сізге құпиясөзді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану керек. Ол үшін кіру мәліметтерін енгізу жолдарының қасында орналасқан «Құпиясөзді қалпына келтіру» батырмасын басу керек. Ашылған терезеге электронды поштаңызды енгізіп, «Ок» батырмасын басыңыз. Поштаңызға құпиясөзді қалпына келтіру туралы хат жіберіледі.
Тіркелу кезінде сайт мұндай электронды пошта мекенжайы біздің сайтта бар деген хабарлама шығарса, не істеймін?
Біріншіден, сіз тіркелу кезінде енгізген (өзіңіздің) электронды поштаңыздың дұрыстығын тексеріп алыңыз. Егер енгізген электронды поштаңыздың дұрыстығына сенімді болсаңыз, онда құпиясөзді қалпына келтіру функциясы арқылы уақытша құпиясөзді ала аласыз. Жаңадан тіркелудің қажеті жоқ.
iMektep.kz сайтына тіркелу мен кірудің айырмашылығы қандай?
Сайтымызды алғаш рет ашсаңыз, сізге тіркелу керек. Сайтымызға тіркелген болсаңыз, сізге сайтқа кіруге болады. Ол үшін сіз тіркелген кезде енгізген кіру мәліметтерін (логин/электронды пошта және құпиясөзіңізді) білу керексіз. Өзіңізге ыңғайлы жерден, қалаған құрылғыдан, ыңғайлы уақытта 24/7 режимінде біздің сайтқа кірсеңіз болады. Осы мәліметтермен (логин, құпиясөз) біздің басқа да білім беретін сайттарымызға - www.BilimLand.kz және www.iTest.kz-ке кіре аласыз.
iMektep.kz сайтына қалай тіркелу (аккаунт ашу) керек?
  1. Тіркелу үшін жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
  2. Ашылған терезенің бірінші жолына өзіңіздің жеке электронды поштаңызды (email) жазыңыз.
  3. Екінші жолға құпиясөзді жазыңыз. Құпиясөзді растау үшін оны келесі жолға қайта жазыңыз.
  4. Содан соң «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
  5. Тіркелудің сәтті өткендігі туралы хабарлама шығады және электронды поштаңызға тіркелуді растау туралы хат келеді.
  6. Электронды поштаңызға өтіп, iMektep-тен келген хаттағы тіркелуді растайтын сілтемені басыңыз. Тіркелу сілтемесін басқаннан кейін iMektep.kz сайты ашылады.

Осымен тіркелу аяқталды. Енді біздің сайтымызға қалаған уақытыңызда және қалаған жерден кіре аласыз. Сонымен қоса, осы сайтқа тіркелген мәліметтермен біздің басқа да білім беру сайттарымызға кіре аласыз. Олар: www.BilimLand.kz және www.iTest.kz
iMektep сайтын пайдалану шарттары қандай?
Сайтымыздың Пайдалану шарттарымен танысыңыз.