Блог

31 мамыр
2018
Блог
«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы

«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша байқауға қазақ, орыс тілдерінде барлығы 107 жұмыс қабылданды. Оның ішінде 28 жұмыс финалға өтті. Финалға өткен жұмыстардың ішінде Шынтасова Гүлзаттың жұмысы жаңашылдығымен көзге түсті.

Гүлзат Бурабайқызы «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатарынан үш жыл қатысқан. Педагог: «Байқауға жылда жұмыс жолдаған сайын мен өз кемшіліктерімді анықтап, сол кемшіліктеріммен жұмыс жасап, келесі жолы оларды жібермеуге тырыстым» деп өз ойымен бөлісті. Байқау талаптарымен мұқият танысқан жеңімпаздың көп ізденгені, bilimland.kz ресурстарын толық зерттегені оның жұмысынан байқалды. Мұғалім сабағында twig-bilim.kz порталының оқытушы фильмдерін қолданып, оқушылардың топтық жұмыстарын ұтымды ұйымдастырған.

Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы
Конкурс
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Сынып: 10
Жұмыс тілі: қазақ 
 
 
 

 

Жеңімпаздың сабағын комиссия мүшесі әрі былтырғы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпазы Алишева Қымбат Маратқызы: «Сабақ барлық талаптарға сай, таныстырылымын жаңа идеямен тартымды түсірген. Оқушылармен үнемі бірлесіп жұмыс істегені, еңбектенгені көрініп тұр. Жас келсе іске демекші, жас маман болса да сабақта инновациялық технологияларды шебер қолдана білген» деп бағалады.

Бүгінгі күнде рухани құндылықтар алдыңғы орынға қойылып отыр. Өскелең ұрпаққа білім берумен қатар жақсы тәрбие беру де өте маңызды іс. Жас мамандардың тәрбие саласындағы жемісті еңбектері барша жастарға үлгі. «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы Гүлзат Бурабайқызын жеңісімен құттықтап, еңбегіңіз игілікті болсын дейміз!

Bilimland-пен бірге жетістіктерге жете беріңіздер!

1069