Блог

22-02
2017
«Білім беру – экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны» атты дөңгелек үстел

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» фракциясы мүшелері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова және отандық білім беру жүйесін жаңғырту туралы нақты ұсыныстарымен еліміздің барлық аймақтарынан келген педагогтар қатысты. Bilim Media Group компаниясының басшысы Рауан Кенжеханұлы да отырысқа қатысып, қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіру жолдары мәселесін көтерді. Өз кезегінде ол сандық білім беру контентінің жаңа заман мұғаліміне тигізер көмегі зор екендігін атап өтті: «Бүгінгі күні мұғалім оқытпайды, ол тек білім алуды, ізденуді үйретеді. Осы ретте сандық білім беру контенті мұғалімге жаңа сабақты түсіндіруге аз уақыт жұмсап, әр оқушымен көбірек жеке жұмыс жасауға, ал оқушыға өзінше ізденуге мүмкіндік беретіні сөзсіз! Шындығында біз 19-ғасыр мектептерінде 20-ғасыр мұғалімдерінің күшімен 21-ғасыр балаларын оқытып жатырмыз!».

Толығырақ дөңгелек үстел туралы мына сілтеме бойынша оқи аласыздар: http://bilimdinews.kz/

3495