iMektep туралы
Қымбатты балалар!
Оқуды қызық және оңай ететін iMektep сайтына қош келдіңіздер!
Қадірлі Ұстаз, құрметті Ата-Ана!
Бұл жобаның басты мақсаты – қазіргі технология мен білім беруді ұштастыру арқылы ұстазға да, балаға да тиімді көмекші құрал жасау.
Мұнда бастауыш мектеп бағдарламасын толық қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын түріндегі тапсырма бар.
Бұл оқыту кешені бастауыш мектеп бағдарламасына енген негізгі 8 пән бойынша толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынады.
- математика
- дүниетану
- ана тілі
- қазақ тілі
- әдебиеттік оқу
- бейнелеу өнері
- музыка
- еңбекке баулу
- тәрбие сағаты пәндерінен тұратын бұл курс 170-тен аса тақырыпты қамтиды. Әр сабақ берілген тақырыпты жан-жақты ашатын қысқа анимациялық фильм (титр шығару мүмкіндігі қарастырылған) мен ойын түріндегі интерактивті тапсырмалардан және тестерден құралған.
Курс интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы классификациялау жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.
iMektep – оқушыға да, мұғалімге де, ата-анаға да пайдалы көмекші оқу құралы болады деп сенеміз.
iMektep-ке тіркелген аккаунттыңызбен сіз біздің басқа да сайттарымызға кіріп, пайдалансаңыз болады:
- BilimLand - мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар қоры. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
- iTest - ҰБТ-ға дайындайтын виртуалды жаттығу алаңы. 13 пән, 15 мыңға тарта тест сұрақтары. Барлық мобильді құралдарда жұмыс істейді.
Іске сәт!