Блог

29-03
2019
Шетелде тегін білім алуға арналған ТОП-5 бағдарлама

 Осыдан біраз жыл бұрын шетел асып, әлемді шарлау, өзге елде білім алу өте күрделі, қиын болып көрінетін. Бүгін бұл мүмкіндікті сіз бен біз еркін қолдана алатын жағдайға жеттік. Себебі қолайлы, тиімді бағдарламалар көбейді. Тек талап пен жігер, айқын мақсат болса болғаны...

 Шетелде білім алудың артықшылықтары өте көп. Ең алдымен бұл процесс – мәдениетаралық байланыс. Саяхаттау, сол елдің мәдениетін тану, түсіну, өзге ұлт адамдарымен араласу, яғни коммуникация процессі кез келген адамның ойлау қабілетін, қабілеттерін, жан-жақтылығын дамытады. Сонымен бірге, дамыған елде білім алу – ақпарат пен тәжірибе алмасудың тиімді тәсілі.

  1. Болашақ Халықаралық стипендиялық бағдарламасы. Қазақстандық студенттер үшін ең ыңғайлы әрі қолайлы бірден-бір бағдарлама. Себебі бағдарламаның стипендиясы толығымен сіздің оқуыңыз бен жүріп тұруыңыздың шығындарын қамтиды. 

  2. Эразмус Мундус (Erasmus Mundus). Бұл жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық пен ұтқырлық саласындағы бағдарлама, ол үшінші елдермен бірлестік құру арқылы еуропалық жоғары білім беру сапасын арттыруға және адамдар мен мәдениеттер арасында сұхбат пен өзара түсінушілікті алға бастыруға бағытталады.

  3. Fulbright. АҚШ-тың ТМД елдеріне арналған жобасы. 160 елді қамтитын халықаралық бағдарламаға докторантура, магистратураға оқуға тапсыруға болады.

  4. DAAD (Германияның Академиялық ауысу жобасы), жылына 100 000 стипендиялар беріледі. Бәсекелестік мықты болғанымен, неміс тілін білетіндер үшін қолайлы бағдарлама.

  5. Украина гранттары. Бакалавр мен магистратура бағдарламалары аясында ҚР БҒМ және Украина елінің министрліктерінің арасындағы келсімшарт негізінде қазақстандықтарға гранттар бөлінеді. Осы жылы қазақстандық студенттерге арнап 40 грант бөлінген;

2157