Блог

29-03
2019
«iTest: Үздік нәтиже» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

«iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы жалғасуда. Байқау үш кезең бойынша өтеді және әр кезеңнің жеңімпаздары жеке-жеке анықталады.

Байқаудың бірінші кезеңінде ШҚО, Глубокое ауданы, Алтай кентіндегі «Жаңа Ертіс» орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нәр Қуат ең жоғарғы нәтиже – 137 балл жинап, жеңімпаз атанды. Байқау ҰБТ-сында Нәр балл саны бірдей қатысушылармен салыстырғанда уақыт жағынан жылдамырақ болды. Бұл оның көш басына шығып, жеңімпаз атануын қамтамасыз етті. Жеңімпазымыз арнайы сыйлық – смарт-сағатпен марапатталды.

Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар саны 5000-нан асып жығылды, соның ішінде өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы ерекше белсенділік танытты. 

Байқаудың екінші кезеңі 21 наурыздан басталып, 20 мамырға дейін жалғасады. Айтып өтейік, байқаудың бірінші кезеңіне үлгермей қалған қатысушылар екінші кезеңіне қатыса алады, осылайша басты сыйлығымыз – оқу грантын ұтып алуға мүмкіндіктері ұлғаяды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлыққа ие болады.

Қатысушылар үшін басты сыйлық – еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі саналатын Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған 10 оқу гранты (тек 11-сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Байқау бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 оқушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына орасан зор мүмкіндік беретін бұл байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға нәтижелі дайындалуына, соның арқасында еліміздің үздік оқу орындарына грантқа түсуіне қол ұшын беру. «iTest: Үздік нәтиже» байқауы «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында өтуде. Сондай-ақ бұл байқау жастар жылына орайластырылып ұйымдастырылды.

Байқау жайлы толық ақпаратты itest.kz сайтынан білесіздер.

6368