Блог

23-07
2019
Мен грантқа түстім! Алақай!

Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналып өткізілген республикалық «iTest: Үздік нәтиже» байқауы қуантатын нәтижелермен аяқталғаны туралы сіздермен асыға бөліскіміз келіп отыр!

Нұртілек Бейсенбай: «Бүгін өте қуанышты сезімде тұрмын!»
 

Барлық 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі – Almaty Management University-дің (AlmaU) қолдауымен Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырды. 

Еліміздің 14 облысынан 5754 оқушы байқауға қатысуға ниет білдірді. Барлық қатысушылар ішінен оқ бойы оза шапқан 30 қатысушы байқау ережелеріне сәйкес үздіктер қатарына кірген болатын.

Камила Сыздыкова: «Мен жыл бойы дайындалдым. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын!»
 

Офлайн кезең қалай өтті?

12 шілде күні сағат 08:00-ден бастап AlmaU ғимаратына «iTest: Үздік нәтиже» байқауының қатысушылары жинала бастады. Еліміздің әр өңірінен үкілеген үміттерін арқалай келген оқушылар мен олардың ата-аналарының көздерінен ерекше қобалжу байқалды.

Барлық ережелер мен емтихан тапсыру реті түсіндірілгеннен кейін қатысушылар емтихан тапсыру залына өтті. Емтихан тапсыруға бас-аяғы 3 сағат уақыт берілген еді. Қатысушылар ҰБТ-ның профильді пәндері бойынша және IQ тест түріндегі барлығы 90 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Емтиханның әділ өткенін ұйымдастырушылар да, қатысушалар да айтып отыр.
 

Дамир Садырбек: «Ата-анам өте қуанышты! Менің жеңісім - бәріміз үшін тосын сый!»

 


Дәл осы күні сағат 17:00-де «iTest: Үздік нәтиже» байқауының нәтижелері анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың офлайн кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушы AlmaU ұсынған кез келген мамандық бойынша 100% жеңілдігі бар оқу грантын жеңіп алды. Айта кетейік, Алматы қаласында өткен офлайн кезеңге келген қатысушылардың барлығына сертификаттар, түрлі сыйлықтар мен смартфондар табыс етілді.
 

Бейбіт Шатырбай: «Ата-анам әлі білмейді, үйге барып сүйінші сұраймын!»


Офлайн кезеңнің барлық қатысушыларының емтихан нәтижесі төмендегідей:



* тізімдегі алғашқы 10 қатысушы Байқау жеңімпазы атанды. Осы тізімдегі қандай да бір қатысушы оқу грантынан бас тартатын болса, сол грант тізімдегі реті бойынша келесі тұрған қатысушыға өтеді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

272