Блог

24-07
2019
Бала қиялын шектемеу

Әрине, ешбір ата-ана бала қиялының дамуына кедергі жасағысы келмейді. Көп жағдайда олар балаларын ерте жастан жан-жақты дамытқысы келіп, түрлі секциялар мен үйірмелерге апарады. Алайда осылайша баланы құрдастарымен ойнайтын, қиялына ерік беретін уақытынан айырады.

Қандай да бір үйірмеге немесе қосымшаға бармаған кезде бала не істерін білмей, «ішім пысты» деген сөздер айтуы немесе гаджеттерден көз алмай отырып қалуы мүмкін. Мұның себебі – бала үйірмелер мен секциялар форматына үйреніп қалғаны соншалық, бос уақытты өткізетін қызықты іске қиялы жетпей қалады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың басты қызметі – партада отыру емес, басқа балалармен ойнау, жан-жағын зерттеу, физикалық белсенділік таныту. Яғни осы 3 фактор – бала миының және психикасының дамуына тікелей әсер етеді. Қосымша үйірмелер қаншалықты пайдалы болса да, баланың күн тәртібі тек олардан тұрмауы тиіс.

Адам қиялы көбіне балалық шақта дамитыны мәлім. Бала табиғат заңдылықтарын жіті білмегендіктен, ол оңайлықпен қиялданады, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Не себепті ата-аналар бала фантазиясының дамуын шектейді?

Әдетте мұндай проблемалар жанұя ішіндегі климатқа және күйзелістерге тікелей байланысты. Егерде баланың өзін-өзі көрсете білуін қаласаңыз, намысына тиетін жағымсыз сөздерден бас тарту қажет. Мәселен, жалған айтпау үшін, оның шығармашылығын бағаларда еңбекқорлығын, талпынысын мақтап қойыңыз. Шектен тыс сын айту баланың қандай да бір іспен айналысуына деген ынтасын төмендетеді, өзіне деген сенімділігі жоғалады. Ал шамадан тыс мақтау – болашақта сын көтере алмаушылыққа әкеледі, ата-ана бағалауының маңызы жоғалады.

Бала қиялын дамыту үшін арнайы сабақтарға барудың қажеті жоқ. Ол өздігінен ойнау, сурет салу немесе конструктор жинау барысында өздігінен қалыптасады.

Мұнда ата-ананың баламен бірге қиялына ерік беруі ерекше әсер етеді:

- қағаз бетіне кез келген фигура салып, балаға суретті аяқтауын тапсырыңыз. Кейін орын ауыстырып, пайда болған суреттер туралы сөйлесіңіз. Шығармашылық анализі – шығармашылықтың дамуына жағымды әсер етеді

- кезекпен ертегі ойдан шығарып ойнаңыз. Бірінші қатысушы әңгіменің тақырыбын ойластырса, екінші қатысушы өзінше жалғастырып әкетеді

- баламен бірге құпия тіл ойлап табыңыз. Алфавиттің әр әрпінің тұсына шартты белгі салып, бір-біріңізге құпия хабарлама жіберіңіздер - көбірек кітап оқып, баламен бірге талқылаңыз. Саналы оқу мен анализ жасау – баланың шығармашылық ойлай білуінің негізі. 

1306