Блог

23-08
2019
Мария Монтессоридің 19 өсиеті

ХХ ғасырда педогогикалық тәрбие беруде 4 ұстаз революция жасаған. Олар: американдық Джон Дьюи, неміс Георг Кершенштейнер, италиялық Мария Монтессори және орыс Антон Макаренко.

Мария Монтессори өз еліндегі алғашқы әйел-дәрігер атанды. Баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына арналған бірегей жүйе ойлап тапқан ол, бар ғұмырын балаларға арнаған көрінеді. Сонымен қатар Монтессори ата-аналарға арналған қысқа да нұсқа өсиет сөздер қалдырған екен. Бұл өсиеттер өте қарапайым, алайда әрқайсысының мағынасына терең үңілген жағдайда екі ауыз сөздің асқан даналығын аңғаруға болады.

Төмендегі тізімді кем дегенде жылына бір рет оқып отырған жағдайда ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, баланың жан жақты, әрі үйлесімді тұлға болып қалыптасары анық:

1. Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.

2. Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.

3. Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.

4. Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.

5. Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді.

6. Баланы жиі келемеждесе, ол ұялшақ болуды үйренеді.

7. Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді.

8. Баланы жиі масқара етсе, ол өзін кінәлі сезінуді үйренеді.

9. Баланы жиі құптап отырса, ол өзіне жақсы қарауды үйренеді.

10. Балаға мейірбандықпен қараса, ол шыдамды болуды үйренеді.

11. Баланы жиі жігерлендірсе, ол өзіне өзі сене бастайды.

12. Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл әлемде махаббатты табуды үйренеді.

13. Баланы жамандамаңыз, көзінше де, сыртынан да.

14. Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ден қойыңыз, нәтижесінде жаманшылыққа орын қалмайды.

15. Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.

16. Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.

17. Ізденістегі балаға - көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға -білінбеуге дайын болыңыз.

18. Бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз.

19. Баламен қарым қатынас жасағанда ең жақсы мәнер қолданыңыз. Оған өзіңізде бар ең жақсы қасиеттеріңізді ұсыныңыз.

Ал халық арасында «Шынында, баламен қарым қатынас жасауда еш қиындық жоқ. Жақсы бала керек болса, жақсы ата-ана болыңыз» деген сөз бар. 

70962