Блог

29-08
2019
Ата-ананың ақша жұмсаудағы қателіктері

Ақша ұстаудағы жіберілетін қателіктер балада қаражат туралы қате пікірдің туындауына әкелуі мүмкін. Баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруда ата-аналар әбігерге түсіп жатады. Қаражат жұмсауды дұрыс жоспарламау - көптеген қателіктің негізгі себебі. «Басқа балаларда бар екен» деп, қандай да бір затты сатып алудың қажеті жоқ. Тек керек болатын дүниені алыңыз. Бұл – балаға қажеттілік пен тілек арасындағы айырмашылықты түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар ол «қажеттілікті қанағаттандыру үшін де табыс табу керек» екенін білетін болады.

Балаға махаббат пен бақыт сыйлап, перзентінің шат күлкісіне қуану ата-анаға тән қасиет. Қажетсіз заттарға ақша жұмсағанда, олар әдетте болмашы нәрсеге шығындалғанын да түсінбейді. Басты мақсат – қалай болса да балаға бақытты өмір сыйлау. Алайда шығындардың қалта көтере алуы, қаражатты дұрыс жоспарлай білу маңызды. Дұрыс жоспар құрмаған жағдайда, қаржылық дағдарысқа ұшырау ғажап емес.

Ата-ананың ақша ұстаудағы әдеттегі жіберетін қателіктерін қарастырып көрейік.

Қымбат заттарды сатып алу

Алдымен ата-ана өзіне сұрақ қоюы керек: арзан зат қымбат заттың қызметін атқара алатын болса, артық шығынның қажеті бар ма? Егер ересек адам қажеттілік пен тілектің ара-жігін ажырататын болса, бала да соны үйреніп өседі.

Тіпті ата-ана «фирмалық киімдер ғана баланы бақытты ете алады» деп ойласа, бала да брендтерге тәуелді болып қалады. Бала есейген сайын тәуелділігі арта түсетінін ескерсек, шығындардың да артатынын айтпаса да түсінікті.

Барлық жиналған ақшаны баланың білім беруіне жұмсау

Баланы беделді университетте оқыту – құптарлық іс. Дегенмен, бұл мақсатқа барлық жиналған қаражатты жұмсау шарт емес. Бала стипендия алуға, грантқа түсуге немесе басқа оқу орнына түсуге тырысу керек. Бір сөзбен айтқанда, жанұяның тұрақты өмірі үшін жинақталған ақшаның бір бөлігі сақталуы тиіс.

Шектен тыс сатып алу

Бұл қателік жаңадан ата-ана болған адамдарға тән. Олар нарықтан көптеген жаңа заттарды көріп, бәрін бірден балаға алып бергісі келіп тұрады. Алайда олар қажетсіз дүниеге өте көп ақша жұмсағанын түсінбейді.

Мәселен балаға бесік арба (коляска) мен киім алу – қажеттілік. Ал бесік арба көліктің артқы бөлігіне сыймайды немесе басқа сәнді түрі шықты деп жарты жыл сайын ауыстырып отыру – ысырапшылық. Сондай ақ тек фирмалық киімдер орналасқан үлкен гардероб та балаға керексіз.

Баламен қаржы туралы әңгімелеспеу

Егер ата-ана баламен қаржы туралы әңгімелеспейтін болса, оларда «ақша – таусылмайтын ресурс» деген ұғым қалыптасады. Сондықтан бала кез келген қалаған затына қол жеткізуге болатынына сенімді болады. «Ақша туралы сөйлесуге әлі ерте» деген жансақ пікір. 10-12 жастағы балалар негізгі қаржылық сұрақтарды біліп қана қоймай, өзінің кішігірім шығындарына жауапкершілік таныта алады.

Сақтандырудың жоқтығы

Адамның дені сау болса, сақтандыру рәсімдеудің қажеттілігі жоқ сияқты. Алайда ертең не боларын ешкім дөп басып айта алмайды. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін сақтандыру керек болады.

Үстеме жұмыс

Кейде жанұяның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеу қалыпты жағдай болып есептеледі. Мұнда өз мүмкіндіктеріңді бағалай білу керек. Шамадан тыс жұмыс істегенде өмірдің басқа салаларына аз уақыт қалып, денсаулыққа зиян болуы мүмкін.

Дұрыс емес үлгі

Қажетсіз заттарға шығындалғаннан бөлек, ата-аналар көбіне өмірдегі басқа салаларда да қаражатты дұрыс жоспарлай алмайды. Кей ата-аналар баларды үнемдеуге, ақшаны саналы жұмсауға шақырса да, өздері қымбат гаджеттерге, демалысқа көп шығындалады. Ата-ана баланың уағыз айтудан емес, өздерінің ұлгісі арқылы үйренетінін ескергені жөн. Сол себепті ересектер өздері жақсы үлгі көрсетуі тиіс. Сөз бен істің бір біріне сәйкес келетін көрсеткен дұрыс.

Қаражатты жоспарлауда қателік жібермеу арқылы жанұяға тұрақты болашақ қамтамасыз етіп, балада ақшаның құндылығы туралы түсінік қалыптастыруға болады.   

3101