Блог

11-10
2019
Эссе және өлең-жыр байқауының кезекті үздік туындысы

Қаламы қарымды жастардың өнерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған Эссе және өлең-жыр байқауының кезекті жеңімпазы анықталды. Бұл жолы көптеген туындылар арасынан «Тақ» деген айдар тағылған өлең үздік деп танылып отыр. Авторы – Нұрсұлтан Қожағұл.

Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

Тақ

Сонау менің сақ бабамнан ғажап дүние өшпеген,

Ата-бабам орныменен мекенінен көшпеген,

Байтақ жерін, бел асуын, байлықтарын басқарған

Тақта отырған хан-сұлтандар өмірлері күшті екен.

 

Бұл алтын тақ, түгел әлем, бар Ғаламшар бас иген,

Ханды таққа көтергенмен елі-жұрты шын сүйген.

Бейбіт жолдың дұрыстығын күзетшідей бақылап,

Шайқасқанда, қателіктен ақыл мен ой сын түйген.

 

Тақтың орны естен кетпес бүркіт ұшқан көрініс,

Жалатылған піл сүйегі, алтын сынды тұр күміс.

Екі көзін баурап алған жұрттың ойы дер еді:

Тақта отырған хан иеміз, неткен сіздің көркіңіз!

 

Ал біреулер таққа қарап арманымен тамсанар,

Тот боп басса, тақ Күн болар, асқақтата Таң жанар.

Шұрайлы жер мекенінде салт-дәстүрді ұлықтап,

Қара түнек шарпыса егер тақта хандар жанданар.

 

Сондықтан да тақ – хандардың билік етер тұрағы,

Жауап алар бұл тұрақта таусылмайтын сұрағы.

Неше жылдар түп ағашын отырғызған патшаның

Жеміс берген гүлденерлік теңдесі жоқ бұл тағы!

 

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

 

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.

bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.

Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!   

1846