Блог

20-11
2019
100 жастағылардың бақытты өмір сүру ережелері

«Даналық жылдар өте келеді,» деген сөзге шүбә келтіру қиын шығар. Өмірдің ең басты құндылықтарын түсінудің бірден бір себепшісі – тәжірибе.

Сол себепті 100 жасқа келгендердің көзқарасы қызықты болып келеді, олардың кеңесі тек теориядан туындамайтыны анық. Анықталғандай, олар барлығымыз білетін, бірақ ешқашан ойламайтын жағдайларды айтатын көрінеді.

Белгілі сайтта бір жігіт 101 жастағы әжесіне сұрақтар қойған екен. Бірнеше жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз:

- 20 жастағы адамға қандай кеңес берер едіңіз?

Еңсеңді түсірме. Сен жассың, қиын кезеңдер өміріңде көп болуы мүмкін. Салың суға кетпесін. Ешқашан.

- Өмірден алған ең үлкен сабағыңыз қандай болды?

Адамдармен шынайы болсаң, олар да саған шынайы болады. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, ол көп күшіңнен айырып, одан да көп күйзеліс әкеледі.

- Өмірде бір рет болса да, әр адамға не істеуге кеңес бересіз?

Әлемге саяхат жасау!

- Сіздің ойыңызша, ұзақ жасаудың сыры неде?

Күнделікті көз шырымын алып алуға тырысу.

Айон колледжінде сөз сөйлегенде жазушы Бел Кауфман 100 жаста болыпты. Оның бақытты ғұмырының сыры неде?

- Әзілде өмірдің ең керемет күші бар. Ол қиындықтармен күресуге көмектеседі.

- Адам іздемпаз болуы керек, қашан да жаңа білім, адамдар мен әсер қызық болуы тиіс. Өмірге махаббатпен қарау керек.

- Маған сізді не қызықтыратыны қызық емес. Алайда сіз одан шынайы ләззат алатын болсаңыз, демек дұрыс өмір сүріп жатқаныңыз.

Эльза Бэйли өзінің жүзжылдығын Колорадода шаңғы теуіп жүріп қарсы алыпты. АВС телеарнасына берген сұхбатында, өзін алға сүйреген екі нәрсе туралы айтқан:

- Оптимизмнің көмегімен көптеген қиындықтан өтуге болады. Жаман ой бүкіл денені улайды. Күліңіз! Күлкі – ең керемет емші.

- Белсенді болыңыз. Мәселен, мен 100 жасымда шаңғы теуіп жүрмін. Ал кейбіреулер күш-қуаты бола тұра мұны істемейді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанып, жаттығу жасауды ұмытпағайсыз. Таза ауа мен күн көзіне шығыңыз.

Сонымен қатар ол 100 жылдық өмірінде үйренгендерін баяндап берді:

- Жас кезде көп саяхаттаңыз. Қаражатты ойлап, қапа болмаңыз. Тәжірибе – ақшадан қымбат.

- Өзгерістер - өмірдің ажырамас бөлшегі. Оларды қабылдай білу керек.

- Бір күні міндетті түрде болмашы нәрсені уайымдап көп уақыт құртқаныңызды түсінесіз.

- Мен қандай да бір дінді ешкімге ұсынбаймын. Әркімнің өз қалауы мен таңдауы бар. Алайда сенімді анықтап, оған өмір бойы берік болу маңызды.

- Өмірді жеңіл қабылдаңыз. 

5793