Блог

20-11
2019
Эссе және өлең-жыр байқауы: қарашаның кезекті үздік туындысы

Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары бірлесе ұйымдастырып отырған Эссе және өлең-жыр байқауының қараша айындағы кезекті үздік туындысы анықталды.

Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

Ұмытылмас ұлы ел

Біз қырандай самғаған, алдымызға мақсат қоя білген, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлы халықпыз. Біз әлем картасынан ойып тұрып, орын алып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Жаңа ғасырдың ұлы мемлекеті - Қазақстан!  

Н.Ә.Назарбаев

Ен далада есіле,кең далада көсіле өмір сүрген ұлықты халықпыз.Сонау ықылым заманнан бері ата-бабамыздан қалған шынжырлы міндетті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, қазақ елінің еңсесін тіктедік.Тарих тамырының түкпірінде жатқан құндылықтарымызды сақтап,алдыға үлкен мақсат қоя білдік.Көптеген қиындықтарды  халқымызбен бірге жеңіп,Ресей бұғауынан босап,келешегіміздің,ұрпағымыздың болашағын ойлап,ел тарихындағы маңызды шешімді қабылдадық.Бұл шешімді қабылдауда ұлт зиялылары мен ұлт көшбасшылары көп үлес қосып,халқымыздың жаңа елдік идеологиясын қалыптастырды. Осылайша біз жаңа,арманы асқақ болашағымызға қадам бастық.

ⅩⅩғасырда тәуелсіздігімізге,елдігімізге қол жеткізіп,төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыздың асқақ арманын орындадық.Осы бір қиын жолды қазақ батырларынын бастап,Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Міржақып Дулатов  аталарымыз тар жол тайғақ кешумен және халықты жігерлендірумен ұлтымызды қоғады.Олар еліміздің  мықтылығын,ұлылығын барша ұлтқа танытпақшы болды.Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін алты құрлыққа танылған халық атандық.Осылайша  еліміз қырандай қомданып,тұғырына қайта қонды.

Бұл оқиғалар енді тарих қойнауында жатқан құнды деректер.”Елу жылда ел жаңа”дейді ата-бабамыз ал біз болсақ жиырма жылда,жүз жылға бергісіз  жолды артқа қалдырдық.Ашық аспанымызды қас қақпай қорғайтын айбынды әскерімізді құрып,ата заңымызды басшылыққа алдық.Осынау көне заманың ескі бұғауын артқа қалдырып, экономика дағдарысын реттеп,әлеуеті мықты елге айналдық.Осының бәрі ұлы әрі көрегенді көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев ағамыздың арқасы.’’Көшбасшысы мықты ел,елдігінен айрылмас’’дейді, ел тізгінін қолға алып,көш бастай білді біздің елбасымыз .Алдыға үлкен үмітпен қарап,мәңгілік ел болуды мақсат қылдық.Осы мақсатқа қолжеткізу барысында үлкен қадамдар жасадық.Соның бірі “Қазақстан -2050”стратегиясы.Бұл Қазақстанның маңызды қадамдарының бірі .Қазіргі заман бой салыстыратын емес,ой салыстыратын заман сондықтан біз осы стратегия арқылы дамушы мемлекеттерден,дамыған мемлекеттер қатарына кірудегі жүйелі алгоритмін құрдық.

Қазір біз мәңгілік ел іргетасын қаладық,тіпті көптеген жетістіктерге жеттік.Айрықша атап өтетін жетістік ол еліміздің жүрегі астанамызда өткен “Expo 2017” көрмесі.Бұл санаулы мемлекеттерде болатын болашақ көрмесі.Бұл көрмеде еліміздің ерен еңбегімен,еліміздің оқыған,тоқыған азаматтарының керемет жобаларын барша әлемге тәнті еттік.Бұл өте күрделі жол болды,біз тәуелсіздіктің қадірін біліп,сабақ ала білдік.

Болашақ-білімді жастар қолында елбасымыз айтпақшы  мәңгілік ел болу үшін жастарымыз арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты болуы керек.Олар біздің елдің болашағын тізгіндейтін  жастар екенін естен шығармайық.Мәңгілік ел болу,ол біздің ата-бабаларымыздың арманы біздің мақсатымыз, парызымыз.Осынау ой ұшқырлығын танытатын заманда Қазақстанды басқа елдермен терезесін тең қылып,еліміздің дамыған,зайырлы мемлекет екенін көрсетуіміз міндет.Тәуелсіздік шежіресін толғап,алдыға еш тайсалмай, тік қарауымыз керек.Тек осылайша біз еліміздің рухты,мықты перзенті бола аламыз.

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.

bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады. Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!  

2507