Блог

26-11
2019
Ди ханымның өсиет сөздері

Диана ханшайым 1997 жылдың 31 тамызында дүниеден озды. Алайда, қазірдің өзінде британ монархиясының өкілдерінің есімін сұрағанда, бірінші ойға келетіні – осы ханшайымның аты.

Ди ханым корольдік отбасына тән рәсімділіктен гөрі, халыққа әлдеқайда жақын еді. Сол себепті де оны адам жүректерінің ханшайымы деп атап кеткен. Біз Диана Спенсердің мәңгілік тарихта қалатын өсиеттерін жинап көрдік.

- Сен бақытты болғанда, кешірімді боласың.

- Мәжбүрлеу арқылы бақытты болам деп армандамай-ақ қойыңыз. Үйренісіп кету немесе шыдамдылық танытуға көп күшіңіз кетеді. Нәтижесінде бақытты болуға қажыр-қайратыңыз жетпей қалады.

- Саған сеніп, сені жақсы көрсін десең – бір саты төмен түс. Әсіресе балалармен: олармен тек отырып немесе жақсылап иіліп қана сөйлесуге болады.

- Маған рухымның тәуелсіз болғаны ұнайды. Біреулерге бұл ұнай қоймас, бірақ менің болмысым сондай.

- Тәжірибенің маңыздылығы жаңа нәрсені білуде ғана емес, ол - өткенге көз салуға мәжбүрлейді. Бірақ болашақтағы қателіктерден қорғамайды.

- Жұмыс – тұлға болып қалыптасудың ең үздік тәсілі.

- Философиялық ақыл-ой жүйесі - өзгелердің қайғысын көтере білуде.

- Бұл ғасырдың ең үлкен дерті – адамдардың ренжігіштігінде.

- Мен ережелермен өмір сүрмеймін. Мен басыма емес, жүрегіме жүгінемін.

- Қоғамдағы осал адамдарға көмектесуге тырысу мені бақытты етеді. Бұл менің мақсатым, өмірімнің бөлшегі, тағдырым десем де болады. Кімде кім мүшкіл халде болса, маған қоңырау шалсын. Қай жерде болса да, жүгіріп барамын.

- Балаларды құшақтау өте жақсы әсер етеді. Екі жаққа да.

- Мен сіздердің жүректеріңіздің ханшайымы болғым-ақ келеді, бірақ өзімді осы мемлекеттің ханшайымы ретінде елестете алмаймын.

- Менің жолымды сіздердің мейірімдеріңіз бен махаббаттарыңыз жеңілдетті. 

1522