Блог
2020
Қазіргі уақытта баланы қоршайтын ата-анасы мен ұстаздары баланың мінезіндегі, іс-әрекеттеріндегі өзгерістерді бірден анықтауы тиіс. Бұл баланың болашақта қалыптасуына тікелей қатысты болған соң, оның бойындағы орын алып жатқан өзгерістердің дұрыс бағытта өрбуін ата-анасы тікелей қадағалағаны жөн. Ол үшін күніне баламен жарты сағаттай сөйлескен жеткілікті, балаға сұрақ қойып, онымен сөйлескенді қалап тұрғаныңызды балаңыз дай байқаса, барынша шынайы жауап беретіні сөзсіз.
Сіздерге көмек ретінде 30 cұрақ дайындадық, сұрақтар ішінен қалаған сұрағыңызды қойып, олардың реттілігін ауыстырып тұрғаныңыз жөн. Күнде негізгі екі сұрақты қойып, қалғанын өзгертіп тұрсаңыз жөн. Төмендегі сұрақтардың тізімі мектеп жасындағы балаға арнайы машықталып жасалған.
Түскі асқа не жедің?
Жанындағы балалар не істеді?
Үзіліс кезінде қандай ойын ойнадыңдар?
Өте күлкілі зат болды ма бүгін сенімен?
Бүгін саған біреу жақсылық жасады ма?
Сен басқа балаға жақсылық жасадың ба?
Бүгін сенің күлуіне кім себепкер болды?
Әлемде хаос орнап, адамдар зомбиге айналса, қай мұғалім тірі қалады? Неге?
Бүгін жаңа факт білдің бе?
Түскі асқа кім ең күшті тамақ әкелді? Қандай тамақ болды?
Бүгін қандай тапсырмалардан өттің?
Мектепке барғанда ең ұнататын ісің?
Бүгінгі күніңді 1-ден 10-ға бағала? Неге?
Сыныптастарыңның ішінде біреу бір күнге мұғалімің болатын болса, кім болғанын қалар едің?
Ертең сен мұғалім болатын болсаң, балаларды неге үйрететін едің?
Бүгін сенің ашуына тиген адамдар бар ма?
Кіммен дос болғың келеді? Неге?
Сенің ұстазыңның ең қатал ережесі қандай?
Үзілісте сыныптастарын немен айналысқанды жақсы көреді?
Таныс адамдарыңның ішінде сенің ұстазына ұқсайтын адам бар ма? Неге?
Бүгін досың жайлы не білдің?
Мектепке басқа планеталықтар келіп, үш сыныптасыңды алып кетеміз десе, кімнің кеткенін қалайсың? Неге?
Бүгін ең пайдалы қандай зат жасадың?
Бүгін өз-өзіңді мақтан тұтқан кез болды ма?
Бүгін қандай тәртіп ережесін бұзғың келді?
Оқу жылы аяқталмай тұрып, нені үйренгің келеді?
Сыныбындағы балалардың ішінен саған мүлдем ұқсамайтын кім?
Мектептегі ең қызық жер қай жер?
Биыл қандай тұсыңды дамытқын келеді?
Сыныпта тәртіпті сақтау кімге қиындық түсіреді?
Егер сіз балаңызға осы сұрақтарды күнделікті қоюды әдетке айналдырсаңыз, уақыт өте келе балаңыз әңгімесін, өткен күніндегі оқиғаларын өзі бірінші айтуға ниетті болады. Демек, бала қиындық түскен кездері де ата-анасынан оларды жасырмайтын болады, сенімді қарым-қатынас орнайды.