Блог

22-06
2021
Жазушы, ақын Ақылбек Шаяхметтің туғанына 70 жыл!

Маусым айының 16 – 18 күндері Қостанай қаласында белгілі ақын, жазушы, драматург, ҚР Мәдениет қайраткері Ақылбек Шаяхметтің туғанына 70 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. Алғашқы күні қонақтар облыс орталығында орналасқан І. Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында жазушының шығармашылығынан “Өкініш” және Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейде “Завещание Ибрая” пьесасынан үзіндіні тамашаласа, екінші күні мың орындық “Жастар сарайында” қаламгердің қаламынан туған шығармалар мен туындылар жинақталған кітап көрмесі өткізіліп, шығармашылық кешке ұласты. Шығармашылық кеште облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевың құттықтау хатын оқып, кештің шымылдығын ашты. Көрмеге Bilim Media Group компаниясымен бірлесе шығарылған, балаларға арналған түрлі тақырыптағы өлең жинақтарының алғашқы сигналды нұсқалары қойылды:

1.  Жыл қайыру
2.  Жыл – он екі ай
3.  Ұлағат
4.  Ас атасы – нан
5.  Атаның сөзі – ақылдың көзі
6.  Төрт амал
7.  Бір тал кессең, он тал ек
8.  Гүлстанға саяхат
9.  Суретші боламын
10.  Денсаулығың – байлығың

Бұдан бөлек мынадай жаңа жинақтарды шығару жоспарланып отыр:

11.  Балықтар әлемінде
12.  Құстың алуан түрі бар
13.  Қыста талай қызық бар
14.  Хайуанаттар бағында
15.  Атауларын біліп жүр
16.  Әнші, күйші, биші балапан
17.  Біліп жүр
18.  Жазда келсең бақшаға
19.  Ұланымын еркін елдің
20.  Шынықсаң, шымыр боласың


Үш жастан асқан балаларға арналған, қазақ тіліндегі туындылар қабылдауға жеңіл әрі жаттауға оңай, түсінікті әрі қызық.

Мерекелік шараға Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған бір топ қаламгер мен журналист қатысып, автордың шоқтығы биік шығармалары жайлы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қазіргі уақытта қазақ тіліндегі балаларға арналған өлең шумақтарының аса қажеттілігін де атап өтті. 

Бұл кітаптарға bilimshop.kz сайтында қолжетімді бағада, жекелей немесе жинақ түрінде тапсырыс бере аласыздар.

2717