Блог

26-03
2015
Вебинар

Онлайн-семинар (веб-конференция, вебинар, ағлшын. webinar) — веб-конференцияның бір түрі, интернет арқылы онлайн-кездесу немесе таныстыру рәсімін өткізу.

Уикипедия

Ашық энциклопедия

Бүгінгі күнде вебинар арқылы лектордан мыңдаған шақырым қашықта отырып-ақ жаңа және маңызды дүниелер туралы естіп білуге, қызықты тақырыптар бойынша танымдық лекцияларға қатысуға болады.

Қазіргі күнде вебинардың қажеттілігі – уақыт талабы, инновациялық технологияның даму деңгейінің алғышарты. Аталған маңызды факторларды ескере келіп, біздің компания биылғы жылдан бастап белсенді қолданушылармен кездесу өткізудің осы формасын қолдана бастады.

Алғашқы вебинар 12 наурыз күні Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен өткізілді. Кейін, 19 наурыз күні, олардың Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы әріптестерімен жүргізілді. Онлайн кездесу барысында тыңдаушылар сайт құрылымымен, тәжірибелік тұрғыдан BilimLand.kz  білім беру порталының ресурстарымен, сондай-ақ аккаунттарды іске қосудың алғышарттарымен танысты. Кездесу соңында екі тарап та бір-біріне ризашылықтарын білдірді және тренер-методист «Жаңашыл мұғалім» конкурсына қатысуға шақырылды.

Атап өтерлік жайт, біздің компания білім беру порталымызды қолданушы өзге де мектеп ұжымдарымен түрлі тақырып шеңберінде жүйелі түрде вебинарлар өткізіп тұруды жоспарлауда. Біз сайтымызға қатысты сізді қызықтырған кез келген сұрақтарға жауап беріп, тренингтер өткізіп, кеңес беруге мүмкіндік беретін мұндай онлайн-кездесулерді жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз.


Татьяна Альбертқызы Сарсенова 

BilimLand.kz онлайн ресурстары жөніндегі үйлестіруші

2843