Блог

24-02
2023
Әлиханның аманаты

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Бөкейхановтың өнегеге толы сөздерін ұсынамыз. Оқып, ой қорытып көріңіз!

 

Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды.

 

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

 

Біздің кемшілігіміз – әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі.

Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек

Ұлтына жұртына қызмет ету – білімнен емес мінезден.

 

Не жұмыс қылсақ, осы үш: ақыл, сөз, іс сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды.

 

Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады.

 

Алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді! Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады. Бізді ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады! Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!

 

Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл.

 

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

 

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

706