Блог

13-03
2023
Кітапты оқығанда әуелі нені ескеру керек?

    Сіз кітапты қалай оқитыныңыз туралы ойланып көрдіңіз бе? Түсініп оқу мен ақпарат үшін оқудың айырмашылығы бар.

    Көптеген адамдар бір нәрсенің жай ғана атын білуді  түсінумен шатастырады. Ақпараттың адамның есте сақтау қабілетін жақсартатыны рас. Бірақ байыбына бармай, түсінбей ақпарат жаттау көкірек көзіңізді толықтай ашпайды.

    Кітапты дұрыс оқу үшін өзім тәжірбиеден өткізген бірнеше кеңесімді айтуды жөн көрдім. Мортимер Адлер кітап оқу жайлы ғаламат кітап жазған философ. Адлер оқудың төрт форматы бар дейді:

  1. Қарапайым оқу
  2. Анықтамалық оқу
  3. Аналитикалық оқу
  4. Синтопиялық оқу

Сіз кітаптың мән-мазмұнына қарай өзіңізге формат таңдайсыз керек. Сол кезде кітаптан керегіңізді барынша сығып ала аласыз. Белгілі бір мекенге жету үшін оған жетер жол мен бағытты анықтау қажет қой. Бұл да сол сияқты.

         Алдын ала өзіңізді қызықтыратын авторлар мен кітаптар тізімін жасап алыңыз. Оқыған кітаптарыңыздың да тізімін жасап қою керек. Бұл сізге мақсат пен жетістікті айқын көрсетіп береді.

Фрэнсис Бэконның  “Кейбір кітаптың дәмін татып көру керек, кейбір кітапты шайнап, қорыту керек” деген сөзі бар. Демек, кітап талғамын қалыптастыру маңызды. Бұл кітапты дұрыс оқу методикасын ойланбас бұрын, мән беру керек дүние.  Әрбір кітапты оқитын кезде өзіңізге мынандай төрт сұрақ қойыңыз:

  1. Бұл кітапты не үшін оқимын? (демалу үшін, білім алу үшін, ойлану үшін)
  2. Бұл кітап менің ойымды қозғай ала ма?
  3. Бұл кітап мені әрекетке бастай ала ма?
  4. Бұл кітаптан кейін менде сұрақ пайда бола ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

446