Блог

11-04
2023
Тиімділікті қолдан жасаңыз

Жұмыстың өнімділігі оған кеткен сағаттарға емес, тиімділікке байланысты. Тиімділікті арттыратын біршама кеңестерге көз жүгіртіп шығыңыз. 

  • Тұрақты үзілістер жасаңыз

    Бұл кеңес мидың шашыраңқы режимдерімен жөндейді. Зерттеулер бойынша, адам ұзақ уақыт  бір нәрсеге назар аудара алмайды. Біз анаған-мынаған алаңдап, 5 минуттық тапсырманы сағаттап орындаймыз. Максималды фокус уақыты: 50 минут. Оқуды жеңілдету үшін миға демалыс керек. Көптеген адамдар үшін қолайлы  тәсіл: 50 минут жұмыс жасап және 10 минут  демалу. Бұл режимнен адаспау үшін кәдімгі таймер немесе Forest және Focus Booster сияқты қолданбалар көмектеседі. 

  • Спортпен айналысыңыз

    Физикалық белсенділік  есте сақтау қабілетін жақсартуға жақсы әсер етеді. Белсенді жаттығулар мидың нейротропты факторының өндірісін арттырады. Бұл – жаңа нейрондық байланыстарды құруға көмектесетін ақуыз түрі. 20 минуттық серуендеуден кейін де мидың белсенділігі мен есте сақтау қабілеті айтарлықтай жақсарады. Онлайн курсқа бірнеше сағат отырмас бұрын, аулада серуендеп алыңыз.

  • Оқу бойынша серіктес табыңыз

    Стэнфорд университетінің зерттеуіне сәйкес, жұппен жұмыс істейтіндер іске ынталы болып келеді. Олар эксперименттен кейін тапсырмаларға 53% - ға көбірек оралып, көп жұмыс істеді. Бұл университеттік білім берудің жалғыз артықшылығы –  сізде әрқашан бірге оқитын және талқылайтын компания бар.  Жақсы ортамен алдыға жылжу, дедлайнды уақытында орындау және өнімді әрекет ету әлдеқайда жеңіл.

    Егер, сіз онлайн режимде оқысаңыз, басқа оқушылармен тапсырмаларды талқылау мүмкіндігін табыңыз. Бұл үшін skillsetter-де жабық курс чаттары бар. Егер сізде мұндай чат болмаса, онда әлеуметтік желілердегі түсініктемеде, тақырыптық форумда диалог құруға тырысыңыз.

  • Жеңіл тапсырмалардан бастап, кейінірек күрделі тапсырмаларға өтіңіз

    Біржан өнімділік туралы дәрісте «eat that frog» деген сөзді естіді. Ол алдымен ең күрделі етапсырманы орындаймын деп шешіп, сосын оңайрағына өтемін деді. Оның жұмыстары – customer Journey Map және CEO үшін жасалатын презентация.

    Біржан customer Journey Map картасын жасап жатқанда қатты шаршады, сондықтан оның презентацияға күші қалмады. Ол оны қалай болса солай жасады. Ал, CEO наразы болды.

   Ал, Жансая да осы дәрісті тамашалады. Бірақ ол басқаша әрекет етуді шешті: жеңілден бастап, содан кейін қиын жұмысқа кіріседі. Ол алдымен бір апталық есепті толтырды, содан кейін Customer Journey Map-пен айналысты. Үзілістен кейін ол CEO үшін презентация дайындады. Жансая да шаршады, бірақ оған жұмыс істеу оңайырақ болды.

    Ми өнімділік туралы дәрістерді көрмеді, сондықтан ол мүмкіндігінше жұмыс істейді. Оған бар күшін жинап, қиын тапсырманы орындау қиын. Алдымен тапсырмаларды біртіндеп қиындата отырып, жеңіл жаттығулар жасау тиімдірек.

226