Блог
2023
Әйгілі жазушылардың өмірін өзгерткен кітаптарды ұсынамыз.
Габриель Гарсиа Маркесті өзгерткен "Құбылу"
Франц Кафканың кітабын оқығаннан кейін Маркес міндетті түрде өзінің жазушы болуы керегін түсінген. Әдетте, ол кітапты терең ұйқыға бату үшін, көңілін аулауға бола оқитынын айтатын. Кітаптың оған әсер еткені соншалық, ол ұйықтай алмаған. Ал, таңертең бірден жазуға кірісті.
Бұл жайында ол өте керемет етіп айтып берген еді:
"Франц Кафканың" "Метаморфозалары" алғашқы сөздерінен-ақ менің өмірлік жолымды айқындап берді. Жаңа күн мені осындай шығарма жазу үшін жазу машинкасына отырғызды. Одан кейінгі күндері кітаптың сиқыры жоғалар деген қорқынышпен университетке баруымды да тоқтаттым".
Эрнест Хэмингуэй – "Соғыс және бейбітшілік" Лев Толстой.
Хэмингуэй көптеген жазушылардың шығармашылығымен танысқан. Бірақ оған ең қатты әсер еткен жазушы – Лев Толстой. Ал, оның "Соғыс және бейбітшілік" шығармасы – ең сүйікті романы. Толстой Хэмингуэйді өзіне тән ерекшелігімен және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ұшқырлығымен тәнті етті. Жазушы өз романдарында да дәл осы әдісті қолданды: ол адамның ішкі жан дүниесі мәселелері жөнінде ой толғады, сондай-ақ өмірдің мәнін іздеді. Әдебиетті бокспен салыстыратын Хэм Толстой жайында былай деді:
"Мен өте қарапайым түрде бастадым да, Тургенев мырзаны жеңдім. Кейін Д.Мопассан мырзаны жеңу қиынға соқты. Стендаль мырзамен екі рет тең түстім, бірақ соңғы раундта ұпай бойынша жеңдім. Алайда, мен ешқашан Толстойға қарсы шаршы алаңға шықпаймын".
Йосиф Бродский – "Йейтс естеліктері" өлеңі Уистен Оден
Бірде Бродскийге ағылшын поэзиясының антологиясын сыйға тартты. Кітапты оқып отырып, ол Оденнің өлеңіне тап болады. Бұл өлең оны ерекше әсерге бөлейді.
"Кітапты ашқан кезде аңдаусызда Оденнің "Йейтс естеліктері" өлеңіне көзім түсті. Кішкентай үйде отырып оқыған өлеңіме жартылай сенер-сенбестен, көлемі иллюминатормен шамалас дымқыл терезеден батпақты жолда жүгіріп жүрген тауықтарға қарап отырғаным есімде. Меніңше, 1939 жылы ағылшын ақыны "Уақыт тілді құрметтейді, бірақ қоршаған өмір сол қалпында қалды" – деп жазғанына сенгім келмеді",– деп есіне алды Бродский.
Сол кезден бастап Оден Бродскийдің өміріндегі басты авторға айналды. КСРО-дан қуылған Бродский бірінші кезекте өзінің кумиріне қонаққа барды.
Джоан Роулинг – "Эмма" Джейн Остин
Джейн Остин – Джоанның сүйікті жазушысы. Ал "Эмма" – ең сүйікті романы. Остиннің оқырманды қызықтыратын Фрэнк пен Джейн арасындағы қарым-қатынасты суреттеу шеберлігі Роулингке ерекше әсер етті. Джоанның айтуы бойынша ол өмір бойы Остин шығармасындағыдай қызығушылықты оятатын роман жазғысы келген, алайда қолынан келмеді. Бірақ біздің ойымызша, "Кездейсоқ бос орын" ("Случайная вакансия") шығармасында дегеніне жетті.
Михаил Булгаков - "Саардамдық ағаш шебері" Петр Фурман.
Бұл күндері ұмытыла бастаған Фурман I Петрдің жастық шағы жайында кітабы Булгаковтар жанұясында жиі оқылған. Сонымен қатар бұл кітап Булгаков өмірінде өте маңызды орын алады. Аталмыш повесть ол үшін кітаптан да жоғары мәнге ие болды – өмірінің қиын кезеңдерінде бұл кітап оған балалық шақтың балғын дәмін есіне салып тұрды.
Булгаков бұл туындыны өзінің көптеген шығармаларында айтып өтеді. "Саардамдық ағаш шебері" ешқашан өлмейтін туынды боп қала берме.
(Ақпарат Кітапмания ақпараттық көзінен алынды)