Блог

24-04
2023
ChatGPT

    ChatGPT шығарылымынан кейін, соңғы бес күн ішінде оған 1 миллион адам тіркелді.  ChatGPT адам әрекетінің тиімділігінен асып түсіп, озып кетеді деген болжам да бар.  Сарапшылардың айтуынша, ChatGPT сияқты жасанды интеллект студенттердің оқу тәсілін өзгертеді. Тіпті, бұл  «тілдік модель» академиялық очерктің өзін мінсіз жазады.  Бұл адамзат басына төнген қауіп пе, әлде, мүмкіндік пе?

 

    ChatGPT деген не? OpenAI компаниясы күрделі сұрақтарға ауызекі тілде жауап беретін «ChatGPT» деген  жасанды интеллект жасап шығарған болатын.  Бұл – революциялық технология.  Өйткені, ол адамдардың қойған сұрағын бірден түсінеді. Пайдаланушылардың көбі оның адам сияқты жауап беру қабілетіне таң қалуда. Бұл жаңа жүйе адамзат басына төнген қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?

 

    ChatGPT –  қауіп күтетіндей платформа емес. Делидегі Үнді технологиялық институтындағы «Infosys» жасанды интеллект орталығының басшысы Сенгупта «Үндістанда ChatGPT туралы барлығы біледі», - деді.  Дегенмен, Сенгупта студенттер технологияға тәуелді болып қалса, академиялық стандарттар зардап шегуі мүмкін деп алаңдап отыр. Сенгуптаның айтуынша, студенттер  ChatGPT-қа арқа сүйеп, өз бетінше эссе жаза алмайтын жағдайға жетсе, олар «өте қабілетсіз, әрі, тәуелді» болып кетуі мүмкін. Ең бастысы, ChatGPT студенттердің оқуға деген ынтасын төмендетпеуі қажет.

 

    ChatGPT – математикадағы калькуляторға теңеуге болады.  Жаңа Шотландиядағы «Акадия» университетінің психолингвисті Даниэль Ламетти мынандай тұжырым жасады: «ChatGPT математикаға калькулятор қалай әсер етсе, академиялық мәтіндерге де солай әсер етеді». Канадалық ғадым «Калькуляторлар математиканы оқыту тәсілін өзгертті. Калькулятор пайда болғанға дейін көбіне түпкілікті нәтиже, яғни «шешім» маңызды болды. Бірақ калькулятор пайда болғаннан кейін, есепті қалай шешкеніңіз алдыңғы орынға шықты», – деп алаңдап отыр.

 

    Жасанды интеллект толығымен интеллектуалды емес. ChatGPT өзі жазған эссені өзі түсінбейді. Ол, тіпті, тілдің мағынасын да түсінбейді. ChatGPT жасаған жұмыстардың бірқатар қалетіктері бар. Мысалы, сөзді еш қатесіз, сарапшы жасағандай оқыса да, бірақ, мәтіні қате болып шыққан. Сондықтан да, адамдар жасанды интеллект жасаған мәтіндерді бәрібір қарап шығуға және түзетуге міндетті. Мұны түзету үшін де пән бойынша терең білім керек.

 

   Жасанды интеллектісі бар чат-боттар студенттерге қалай көмектеседі? Бернадетт Мэтью – қатерлі ісіктің өсуін зерттейді. Мэттьюдің эксперименттері талдауды қажет ететін үлкен көлемдегі деректерді жасайды. Бірақ,  оны қолмен жасау мүмкін емес. Сондықтан ол деректерді талдау процесін автоматтандыру және жеделдету үшін компьютер арқылы бағдарламалауды үйренді. Сонда да, өз зерттеулеріне ілесу қиынға соқты. ChatGPT-пен танысқаннан кейін Мэттьюдің зерттеу жұмысы өне бастады. Чат-бот Мэтьюге кодтау кезіндегі қателіктерін түсіндіреді. Тіпті, Мэтью оған өзінің атынан кодтауға мүмкіндік те берді.

 

 

 

620