Блог
25-04
2023
2023
Илон Маск айтқан білім жүйесінің ескірген 7 принципі
Американдық кәсіпкер, инженер әрі миллиардер Илон Маск өзі оқыған жылдардағы оқу жүйесіне көңілі толмайтынын айтты. Өзін қызықтырмайтын пәндерді жатқа оқу, баға үшін уайымдау оған мүлдем ұнамайтын. Тіпті бұл олқылықтың орнын толтыру үшін «Ad astra» деген жеке мектеп ашты. Ол солай өзінің 5 баласын пайдасыз жүйеден құтқарып қалды. Илон Маск дәстүрлі білім берудің қандай принциптерін тиімсіз деп санады? Жазбадан оқыңыз.
- Бағалау жүйесі – тиімсіз. Ол балалардың құндылықтарын бұрмалап, басқа арнаға түсіріп жібереді. Оқушының басты мақсаты жоғарғы оқу орнына түсу болмау керек. Илонның айтуынша, барлық пәнді терең білуге талпыну жетістікке жету ықтималдылығын төмендетеді. «Мұның барлығы адамдарға «тек мен ерекшемін» деген ой салады. Содан кейін олар ешкімді тыңдамайды, әрі қателіктерін мойындап, талдаудан бас тартады», – деді ол.
- Тестілеу жүйесі – қате. Егер тәжірбие болмаса, тест пен теңдеулерден пайда жоқ. Тесттер – Америка білімінің түбіне жетті. Түлектер тек қана дұрыс жауап жазылған бағанды таңдайтындықтан, ойлана алмайтын жағдайға жетті. Илон Маск бұл туралы «Абстрактілі есептерді шешудің пайдасы жоқ. Себебі, балалар не үшін шешіп жатқандарын түсінбейді. Тіпті бұл есептер олардың есінде де қалмайды. Олардың миы артық ақпаратты жойып отырады», – деді.
- Сағаттар бойы ақыл айтпаңыз! Балаларға этика мен моральды тереңінен зерттеп, оқыту қажет. Бұл балаларға теңдеулерді шешуді үйреткеннен қарағанда әлдеқайда пайдалы.
- Сыныптарға қатаң бөлу тиімсіз.
- Физиканы құрғақ теориямен емес, нақты тәжіриемен үйрету керек.
- Міндетті бағдарламалардың кесірінен балалар мектепті жек көріп кетеді. «Бір бала математиканы, ал басқа бір бала тілді немесе музыканы жақсы көруі мүмкін. Бағдарламаны баланың қызығушылығына сүйене отырып құру керек», – дейді Илон.
510