Блог
2023
Ұйқы – адам өмірінің маңызды бөлшегі. Десе де қазір адамдар «ұйқысыздық» дертімен жиі ауырады. Бұл мәселені АҚШ әскери күштерінің әдісі шеше алады. Америка ғалымдары кез келген жағдайда 2 минут ішінде ұйықтауға болатын әдіс ұсынды.
Егер, ұйқысыздық басып, қаншалықты ерте жатсаңызда ұйықтай алмай жүрген болсаңыз, АҚШ әскери күштерінің әдісіне жүгініңіз. Сонымен, бұл әдістің сыры неде? Мұны қалай жасау керек?
Буд Винтер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ әскери күштері ұйқысыздыққа тап болғандықтан, өрескел қателіктер жіберіп, қаншама адам қаза тапқанын байқады. Сондықтан да, ұшқыштардың жеткілікті демалуын қамтамасыз ету міндеті өмір мен өлім мәселесіне айналды. Ұйқы мәселесін реттеп, ғылыми әдісін әзірлеу және жүзеге асыру сынды жұмыстар әскери-теңіз күштерінің лейтенанты Бад Винтерге жүктелді. Бұрын ол табысты футбол жаттықтырушысы болған және психология профессорымен бірлесе отырып, стресс жағдайында спортшылар үшін релаксация әдісін ойлап тапқан.
Буд Уинтер әдісі бірден нәтиже көрсете бастады. 6 апталық жаттығудан кейін ұшқыштардың 96%-ы 120 секунд ішінде ұйықтап қалатын болды. Бұл қандай әдіс?
1. Әуелі, ыңғайланып жатып алыңыз..
2. Бетіңізді босаңсытыңыз. Бұл бүкіл процестің маңызды сәті. Адамның бет-әлпеті 43 бұлшықеттен тұрады. Әрі, олардан сіздің денеңіз сезінетін стрессті бірініші сезінеді немесе керісінше, бәрі жақсы екендігі туралы физиологиялық сигнал алады. Сонда сіз қауіпсіз ұйықтай аласыз. Сондықтан көзіңізді жұмып, маңдайыңызды, тіліңізді және төменгі жақыңызды босаңсытыңыз. Осыдан кейін сіз тыныс алудың тереңірек және баяу болатынын байқайсыз. Сосын көздеріңіздің де босаңсығанына көз жеткізіңіз.
3. Иықтарыңызды төмен түсіріңіз, олардың ауырлығын сезініп көріңіз. Мойынның артқы бөлігін босаңсытыңыз. Терең дем алып, баяу дем шығарыңыз, қалған шиеленісті босатыңыз (көптеген адамдар оны иықта, мойында және жақта жинайды). Енді қолдарыңызға өтіңіз: олардың ауыр және босаңсығанын сезініңіз.
4. Аяғыңызды босаңсытыңыз оң жақ квадрицепсті босатқаныңызды сезініңіз. Ол ауырады. Содан кейін оң балтырыңызға, тобығыңызға және аяғыңызға да жасаңыз.
5. 10 секундқа ойыңызды тазалаңыз енді сіз денеңізді толығымен босаңсытқаннан кейін, миыңызды өшіруіңіз керек. Қозғалысты білдіретін кез келген ойдан аулақ болу маңызды. Бұл жерде бір ғана ереже бар: «Ойламау, ойламау, ойламау». Егер, сіз денеңізді толығымен босаңсытып, санаңызды кем дегенде 10 секундқа босатсаңыз – сіз міндетті түрде ұйықтайсыз.