Блог

17-05
2023
Психологиялық көмек – Zumcare

    Қазір екінің бірі күйзеліске түсіп, өзінен, өмірінен безініп жүреді. Бұл күйді ғалымдар «ең ауыпты оба» деп те бағалаған. Сол себепті де өмірден түңілген жандарды жап-жарық жолға түсіріп, жан дерттерін емтейдін психология саласы қанатын кеңінен жайды. Тіпті, үйден шықпай-ақ, психологиялық көмек алуға болады. Қалай екенін білгіңіз келсе, оқыңыз.

    Кез келген адамның жаны қиналады. Кез келген адам қолдауға мұқтаж. Егер де жүрегіңізді беймәлім сезімдер басып, еңсеңіз түсіп, өз-өзіңізді түсіне алмай жүрсеңіз, психолог көмегіне жүгінген жөн. Бұл – ещқандай да өрескел әрекет емес, керісінше, ақылды адамның әрекеті. Сауатты адам – жаны мен тәнін қатар күтеді, жанашыр болады.  

   Адам тіршілікке жұтылып жүргенде психологиялық мәселесінің бар екенін сезбей де қалуы мүмкін. Тек ішінен «бұл бітпейтін бақытсыздық қашан аяқталады» деген ойда ғана жүреді. Психикалық аурулар өте көп, оларды қарапайым адамдардың анықтауы өте қиын. Тіпті тәжірибелі дәрігерлерге диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеулер мен уақыт қажет болуы мүмкін.

   Психологиялық мәселенің шешімі – мойындау. Барлығы жағдай мен тағдырды қабылдаудан басталады. Адаммда психологиялық аурудың барын қалай білеміз?

  Психикалық бұзылыстың көрінісі мыналар болуы мүмкін:

  •  Сандырақ;
  • Иллюзиялар;
  • Мазасыздық;
  • Галлюцинация;
  • Ұйқының бұзылуы;
  • Ерік-жігердің бұзылуы;
  • Апатия және немқұрайлылық;
  • Көңіл-күйдің өзгеруі;
  • Негізсіз қорқыныш;
  • Эмоционалды бұзылулар;
  • Ойлау процестерінің бұзылуы;
  • Тыныс алудың бұзылуы
  • Мазасыздық.

    Жоғарыда аталған барлық белгілер жан дәрігеріне барудың себебі. Дәрігер бұзылулар мен ыңғайсыздықты тудыратын бұзылыстың қандай түрін анықтауға көмектеседі. Ол себебін тауып, қалыпты өмірге тез оралуға болатын тиісті емдеуді тағайындайды.

  Технология қарыштап дамып, сәлемдесудің өзі мұң болып кеткен мына заманда психологиялық қолдау өте маңызды. Адамдарға өзін-өзі түсінуге көмектесетін  Zumcare платформасымен таныстырғым келеді. Қиналған адамға медеу бола алатын бұл платформа білікті психологтар тауып беріп отырады. Жан ауруының  кез келген түрін емдейтін маманданған психологтар онлайн немесе офлайн көмектеседі. 4 жыл бойы 43 психотерапевт 3 құрлық пен 20 мемлекеттегі адамдарға қызмет көрсетіп келеді. Қолданушылар жан жарасын емдеп, эмоциялық интеллектін дұрыстап, өмірлеріне сан түрлі бояу жаға алды. 

     Бұл жылдам,әрі, сапалы көмекті қалай ала аламын деп ойланып отырған шығарсыз. Егер, жаныңыздың сәулесін жаққыңыз келсе,   http://www.zumcare.kz/  кіріп, мәселеңізге қарай, психолог таңдай аласыз. 

    «Егер, сіз түнек ішінде жүрсеңіз, біз сізге жарық береміз. Келіңіз!»  – деген сөз арқылы адамдарға көмектесіп келеді. Егер сіз қиналып жүрсеңіз, барлығын ішіңізге сақтамаңыз. Жан дерті жазылады. Жазылады. 

 

7387