Блог

27-12
2017
Облыстық және аудандық «Үздік әдіскер-2017» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды

Bilim Media Group компаниясы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану белсенділігін арттыру бағытында «Үздік әдіскер-2017» аталымы бойынша байқау жариялаған болатын. Аталымға 16 аймақтан 16 әдіскер және Қазақстанның барлық өңірінен 192 әдіскер қатысты. Қазақстанның барлық аймағынан әдіскерлер bilimland.kz, imektep.kz, itest.kz білім беру платформаларын оқыту процесінде тиімді пайдаланатындарын көрсетті.

Байқау талаптарын жоғары деңгейде орындап Болатбекова Айгүл (Алматы қаласы) облыстың үздік әдіскері аталымының лайықты жеңімпазы атанды.

Жүлде: 200 000 теңге

Аудандық үздік әдіскерлер:

1. Шегенбаев Талғат, Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
2. Жүнісова Айгүл, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы;
3. Едигенов Канат, Қостанай облысы, Қарасу ауданы.

Жүлде: 100 000 теңге

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

13033