Блог
2018
Бұл әлеуметтік жобаға қазіргі уақытта еліміздің 214 мектебі қатысып отыр. «Футбол сабағы» жобасы бойынша дене шынықтыру пәніне сағаттар бөлініп, мұғалімдер оқушыларды ойын техникасымен таныстыруды бастап кетті. Мұның бәрі шәкірттің үлкен футболға дайындығын нықтай түсетініне сенім мол.
Жобаның мақсаты – оқушылар арасында футболға деген қызығушылықты арттырып, жастардың патриоттық сезімін оятып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жоба бойынша футбол сабақтарын өткізетін мұғалімдер үшін әр аймақта семинарлар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шеберлік сағаттарына «Астана», «Тараз», «Ордабасы», «Жетісу», сондай-ақ «Қайрат» футбол академиясының бапкерлері белсене қатысып, оқытуға атсалысты. Оқыту аймақтық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталықтары және футбол федерацияларында өткізілді.
Алдағы уақытта «Футбол сабағы» жобасы бойынша еліміздің барлық мектептерін қамту жоспарланып отыр.