Блог
2018
Мектеп бітіруші түлектеріміз жыл сайын өмірлеріндегі ең маңызды әрі жауапты кезеңді бастарынан өткізеді. Ол әрине қорытынды емтихандар мен ҰБТ тапсыру сынақтары. Биылғы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ны ұйымдастыру және өту тәртібінің толығымен өзгеріп кетуі үлкен өмірге аттағалы отырған мектеп бітіруші түлектеріміз бен олардың ата-аналарының көңілдерін күпті қылғаны белгілі.
Негізінен тестілеудің жаңа форматы 2017 жылы енгізілген болатын. Өткен жылдары түлек үшін бір рет тест тапсыру көп нәрсені өзгертетін, мысалы қажетті балды жинай алмай қалған жағдайда жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылу қаупі жоғары болған, ал қайта тапсыру келесі жылға қалдырылған. Биылғы жылғы тест тапсырудың өзгертілген жаңа форматы осындай келеңсіздіктерді шешуге мүмкіндік береді.
Енді тестілеу жүйесіне енгізілген жаңа талаптарға тоқтала кетсек. Биыл емтихан тапсыру екі кезеңге бөлініп отыр. Оның біріншісі қорытынды аттестаттау, яғни орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат алу үшін міндеттелген мемлекеттік мектепті бітіру емтиханы, ал екіншісі ҰБТ, яғни ЖОО-ға түсу емтиханы. Тестілеу мен бітіру емтиханының жаңа форматы жайлы
ҰБТ тапсыру да 5 пәннен тұрады, оның ішінде 3 міндетті пәнге оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы кірсе, емтихан тапсырушының таңдайтын мамандығына сәйкес 2 бейіндік пәндер бойынша тест тапсыру қарастырылған. Таңдау пәндерінде 8 жауап нұсқасы бар тестік тапсырмалар да кездеседі. Таңдау пәндері жұбымен таңдалады. Мысалы, егер түлек таңдау пәні ретінде математиканы алса, онда екінші пәнге физика немесе географияны таңдайды.
Енді тестіге дайындалу жолдары мен іс жүзінде қалай жүзеге асатынына тоқталып өтсек.
Өткен жылдарда ҰБТ-ға дайындалудың басты тәсілі қайталау болатын, яғни тест сұрақтарының бірі болмаса келесісі келіп қалар деген үмітпен бастан-аяқ жаттай беру еді. Алайда бұл тәсілдің тиімсіздігін тәжірибе дәлелдеп отыр. Оның үстіне қорытынды аттестаттау мен Бірыңғай тестілеудің жаңа форматы сұрақтарды жаттап алу идеясының ақылға сыйымсыз екенін көрсетті, себебі оның көлемі тым көп. Оқушылар жаттап алмақшы болған материалдың ауқымы жайында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов: «Былтыр 80 мың тапсырма болатын, ал биыл оны 120 мыңға көбейттік. Оның 11%-ы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталса, шамамен 37%-ы тест тапсырмасы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарымен болды» – деген пікірін
Бірақ сол логикалық ойлау дегеніміздің өзі не және логикалық ойлауың жақсы болса негізгі материалды толықтай оқып шығудың қажеті жоқ па деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Мұны түсіну үшін ҰБТ және қорытынды аттестаттаудың байқау сынақтарын тәжірибе жүзінде тапсырып көруге тырысу керек.
Болашақ студенттерге алдағы тестінің жұмысын тексерудің екі әдісі бар:
– Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты арқылы. Мұнда қолданушыға сайтқа тіркеліп, ҰБТ-ның байқау нұсқасын өту ұсынылады, бірақ қорытынды аттестаттау жоқ. Тестілеу құны – 260 теңге. Мұнда ҰБТ/Кешенді тестілеудің (КТ) тест тапсырмаларымен танысу, тестілеуден өтіп, өз дайындығының деңгейін білу мүмкіндігі беріледі.
– itest.kz ресурсында онлайн-тестілеуден өту арқылы. Бұл ресурста ҰБТ және қорытынды аттестаттауды байқау ретінде тапсыруға болады. Жақсы жағы бұл жерде қателіктермен жұмыс жасау, жекелеген тақырыптар бойынша жазбаша және ауызша сынақтарға арналған ықшамдалған лекциялық материалдарды оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Егер қорытынды аттестаттауды тапсырар алдында эссе жазудан қиналсаңыз, осы жердегі арнайы Эссе бөлімінен эссе жазу жайында ұсынымдар, тәртібі мен мысалдарын көруге болады, ол ары қарайғы дайындықта көп көмегін тигізеді. Тестіден кездесетін тақырыптар, бағалау критерийлері мен жұмыстың жалпы құрылымы бойынша ұсыныстарды оқып-зерттеу мүмкіндігі молынан берілген. Түлектер үшін туындайтын қиындықтың бірі ауызша емтиханға дайындалу, өйткені бұл жерде баяндай білу, тақырыпты ашу, құрғақ фактілерге жүгінбеу қабілеті керек. Осы мәселені шешу мақсатында iTest порталында кітаптан көшіріп жазбай-ақ, мектепке барар және үйге қайтар жолда тыңдауға болатын аудиокітап ретінде лекциялардың үзінділері жинақталған. Бұл функция ақпаратты тыңдау арқылы жақсы қабылдайтындар үшін аса тиімді. Демек заманмен бірге дамып келе жатқан жас ұрпақ үшін емтиханға дайындалу да ыңғайлы әрі қолайлы болуы басты шарт.
Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындалу қиын процесс екені сөзсіз, дегенмен керек құралдардарды дұрыс пайдалана білген адамға қиын тапсырманы оңай меңгеруге бар жағдай жасалған.
Ендеше iTest ресурсымен алдын ала дайындық жүргізіп, жетістікке жетудің қадамдарын жасаңыз!